Желаем удачи. 1-Қыркүйек білім күні - 2 Сентября 2011 - Сообщество учеников КТЛ.
Главная » 2011 » Сентябрь » 2 » 1-Қыркүйек білім күні
07:53
1-Қыркүйек білім күні
Мектебің мынау – класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың!
Иә, адам баласы дүние есігін ашқан күннен бастап үнемі жетіліп, дамып отырады. Әрбір бүлдіршіннің қанаты қатайып, елі мен жерінің адал азаматы болып шығуына мектептің қосар үлесі орасан зор. Себебі, ұстаз шәкірті үшін ерекше жан. Ол талай жанның жаратылысындағы жақсы қасиеттердің ашылуына себеп болумен қатар, олардың адал азамат, білікті маман болып шығуы үшін талмай еңбек сіңіреді. Осындай жаны жайсаң жандардың мерейін өсіріп, марқайтып тастайтын мереке ол, әрине, Білім күні!

Бұл күн мектеп табалдырығымен қоса өмірде де маңызды қадамға аяқ басқан бүлдіршін үшін ұмытылмас сәт болса, ат жалын тартып мінер жасқа келген бозбала мен бойжеткендер үшін санаулы уақыттан соң үлкен өмірге жолдама беретін жауапты күннің жақындағанын ескертетін тәрізді.



Олай болса, бүгінгі бастауыштың бүлдіршіні мен ертеңгі түлектер!

Оларды бөле жармай , сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұлағатты ұстаздар!

Мұғалімдерге бауыр еті – балаларының болашағын сеніп, үкілеген үміттерін білім ордасымен байланыстырған ата-аналар!

Бүгінгі ортақ мереке қуаныш пен шаттыққа толы болып, жетістіктер мен табыстың бастауы болғай!

«КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының басшылығы өз кезегінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген қазақ-түрік лицейлерінің ұстаздары мен тәрбиешілер қауымын құттықтайды!

Әріптестерімізге жаңа оқу жылында жаңа қарқынмен жұмыс жасап, толайым табыстарға жетуіне тілектестігімізді білдіреміз!

Игі тілекпен: «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының басшылығы

www.katev.kz-сайтынан алынған

Просмотров: 12760 | Добавил: Pepel | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]