Желаем удачи. Қазақстан Халықаралық Түрік тілі олимпиадасында тоғызыншы рет жеңімпаз атанды - 27 Июля 2011 - Сообщество учеников КТЛ.
Главная » 2011 » Июль » 27 » Қазақстан Халықаралық Түрік тілі олимпиадасында тоғызыншы рет жеңімпаз атанды
20:36
Қазақстан Халықаралық Түрік тілі олимпиадасында тоғызыншы рет жеңімпаз атанды
2011 жылдың 14-28 маусым аралығында Түркия елінде «9-шы Халықаралық түрік тілі олимпиадасы» болып өтті.

Бұл жылғы білім сайысына 130 мемлекеттен келген тілдері басқа болса да, тілегі бір өрендер өз білімдері мен өнерлерін түрік тілінде паш етті.

Дүние жүзінен келген 300 мұғаліммен бірге 1000 оқушы 15 күн бойы Стамбұл, Анкара, Кайсери және Бурса сынды 24 қалада көрермендердің алдына шығып, ыстық ықыласқа бөленді.

Екі апталық олимпиада ән шырқау, шығарма жазу, сөйлеу, фольклор, өлең, сурет, арнайы қабілет, ел таныстыру бағыттары бойынша 15 салада өнерлерін көрсетеді.

Отанымыздың намысын қорғауға барған 30 оқушы ең жоғарғы жүлделерге қол жеткізіп, Қазақстан елін әлемге тағы бір рет паш етті десек артық айтқандық болмас.

1. Өз елінің мәдениетін таныстыру бағыты бойынша Қазақстаннан барған Шахлан орта мектебінің оқушылары жүлделі І - орынды иемденсе,

2. Фольклор бағыты бойынша Қызылорда қаласының №9 қазақ – түрік қыздар лицейінің биші қыздары ІІ - орынға қол жеткізді.

3. Ән айту бағыты бойынша Жамбыл облыстық Айша Бибі атындағы дарынды қазақ-түрік қыздар лицейінің оқушысы Әсел Амирова ІІ - орынға табан тіреді.

4. Түрік тілі грамматикасы бағыты бойынша біздің шәкірттеріміз III – орынды місе тұтты.

5. Шығарма сайысында Шахлан орта мектебінің оқушылары ІІІ жүлделі орынға қол жеткізді.

6. Сөйлеу мәдениеті бағытында сынға түскен оқушыларымыз III – орынды иемденді.

Сонымен қатар, 130 мемлекеттен келген түрік тілі мұғалімдері де өзара сайысқа түсті. Бұл сайыстың нәтижесінде 14 мұғалім ақтық сынға жолдама алды. Қазақстанның атынан сайысқа түскен Тараз қазақ-түрік лицейінің ұстазы Режеп Картал әріптестерінен оқ бойы алға шығып, I – орынға ие болды.

Біз өз кезегімізде Қазақстанның атын әлемге паш еткен ұлағатты ұстаздарымыз бен жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Просмотров: 1010 | Добавил: X-ray | Теги: түрік тілі, олимпиада 2011, лицей | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]