Желаем удачи. Құрметті мұғалімімізге құттықтау! - 15 Ноября 2011 - Сообщество учеников КТЛ.
Главная » 2011 » Ноябрь » 15 » Құрметті мұғалімімізге құттықтау!
15:26
Құрметті мұғалімімізге құттықтау!

Шәкірт тілегі

Барша шәкірттеріңіздің атынан Сізді туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді  туылған күніңізбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!

Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.
Жүректерге білім нәрін мың құйып,
Жанарында тұратындай күн күліп!
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің,
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.
Олжас ағай, шәкіртіңнің бірі едім,
Көз алдымда баяғыдай реңің.
Жас жігіттің жасындасыз, жүз жаса,
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім.



 

Просмотров: 1835 | Добавил: Pepel | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Pepel  
0
Kentav KTL)))

1 Pepel  
0
cool

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]